EcoTank принтерін ұсынамыз
Сияларға арналған ыдысы бар картриджсіз EcoTank принтері сияға арналған ыдысты толтырғанға дейін мыңдаған парақтарды басып шығаруға мүмкіндік береді.
EcoTank принтерлерінде Heat-Free технологиясы қолданылады, ол лазерлік және жылытылатын бүріккіш принтерлермен салыстырғанда тұтынушылар үшін көбірек тиімділікті қамтамасыз етеді.
Үйде және шағын кеңсеге арналған басып шығару құрылғысы
Бизнеске арналған түрлі түсті басып шығару құрылғысы
Бизнеске арналған монохромды басып шығару құрылғысы
Картридждерсіз басып шығару
Картридждік құрылғылардан 25 есе тиімдірек!4
Epson Ecotank сериясындағы кез келген Epson принтері мен көп фунциялы құрылғыларды жеткізу жиынтығына толық өлшемді сия контейнерлерінің жинағы кіреді.
Құрылғының үлгісіне қарай басып шығаруға сия жеткілікті:
Epson EcoTank L61XX сериялы кеңсе құрылғылары үшін 14 000 ақ-қара түсті және 11 200 түрлі түсті парақтарды5 басып шығару;
Epson EcoTank L31XX сериялы үйде қолдану құрылғылары үшін 4 500 ақ-қара түсті және 7 500 түрлі түсті парақтарды6 басып шығару;
Фотопринтерлер мен Epson EcoTank L8XXХ сериялы көп функциялы құрылғылар үшін 10х15 пішініндегі 2300 фотосуреттерді7 басып шығару.
Неге EcoTank принтерін таңдаған дұрыс
Жаңашыл және озық жеткізуші
Epson компаниясы бірінші болып картриджсіз басып шығару құрылғыларын ойлап тапты, Қазақстан нарығына 10 жылдан аса уақыт бойы жеткізіп келеді. Компанияның сатылымдары бүкіл әлем бойынша 70 миллионнан асады.
Сабырлылық
Құрылғыларға берілетін кепілдік 36 айды немесе 350 000 парақ басып шығару8.
Ойластырылған дизайн
Арнайы жасалған EcoTank принтерлерінің соңғы буынында сия ыдысы принтердің алдыңғы жағында орналасқан. Бұл жаңа шағын дизайн сия деңгейін оңай толтыруға және тексеруге мүмкіндік береді. Ыдыс ағып кетуді және онымен байланысты мәселелерді төмендету мақсатында арнайы жетілдірілген сия құю жүйесімен жабдықталған. EcoTank принтері басқа принтерлерге қарағанда үйде немесе кеңседе орташа алғанда 22 % аз орын алады.
Еш қиындықсыз пайдалану
Басқа өндірушілерден айырмашылығы, біздің қыздырмайтын технология басып шығаратын бастиектің принтердің бүкіл қызмет ету мерзімінде жұмыс істейтінін білдіреді, яғни оны ауыстыру үшін ақы төлемейсіз.
Мол таңдау
Epson компаниясы кез келген басқа принтер жеткізушілеріне қарағанда сия ыдысы бар принтер үлгілерінің кең таңдауын ұсынады. Күнделікті басып шығару, фотосуреттерді және бизнеске арналған құжаттарды басып шығару үшін қажеттіліктеріңізге сәйкес EcoTank принтерін таңдаңыз.
1 Heat Free технологиясы туралы толық ақпаратты https://www.epson.kz/heat-free-technology сайтынан қараңыз
2 Epson ішкі жеткізілім деректері негізінде 2010-2022 жылдар аралығында Epson сия ыдыстары бар принтерлердің жиынтық сатылымы.
3 L61XX сериялы құрылғылармен бірге жеткізілетін екі Epson контейнер жинағының ресурс деректері. Деректер ISO/IEC 19752 стандартының тестілік басып шығару үлгілерін пайдалана отырып, Epson компаниясының әдіснтемесі бойынша орындалған өлшемдерге негізделген. Ресурстар туралы деректер ISO/IEC24711 стандартына негізделмеген. Деректер басып шығарылатын кескіндеріге, басып шығару параметрлеріне, қағаз түріне, пайдалану жиілігіне, ылғалдылыққа және басып шығару температурасына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
4 Epson Ecotank сериялы құрылғыларға арналған сия контейнерлерінің көлемі мен ұсынылған құнын стандартты сыйымдылықтағы Epson картридждерінің көлемімен және ұсынылған құнымен салыстыру.
5 L61XX сериялы құрылғылармен бірге жеткізілетін екі Epson контейнер жинағының ресурс деректері. Деректер ISO/IEC 19752 стандартының тестілік басып шығару үлгілерін пайдалана отырып, Epson компаниясының әдіснтемесі бойынша орындалған өлшемдерге негізделген. Ресурс туралы деректер ISO/IEC24711 стандартына негізделмеген. Деректер басып шығарылатын кескіндеріге, басып шығару параметрлеріне, қағаз түріне, пайдалану жиілігіне, ылғалдылыққа және басып шығару температурасына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
6 L31XX сериялы Epson құрылғыларымен бірге жеткізілетін екі Epson контейнер жинағының ресурс деректері. Ресурс деректері Epson компаниясының әдістемесі бойынша ISO/IEC 19752 стандартының тестілік басып шығару үлгілерін пайдалана отырып, құрылғыны бастапқы қосу үшін қажетті сияны есепке алмай жасалған өлшемдерге негізделген. Ресурс туралы ақпарат ISO/IEC24711 стандартына негізделмеген. Деректер басып шығарылатын кескіндеріге, басып шығару параметрлеріне, қағаз түріне, пайдалану жиілігіне, ылғалдылыққа және басып шығару температурасына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
7 L8XXХ сериялы Epson құрылғыларымен бірге жеткізілетін екі Epson контейнер жинағының ресурс деректері. Ресурс деректері Epson бес түсті контейнерінің (көгілдір, күлгін, сары, ашық көгілдір және ашық күлгін) ортақ ресурсын есептеуге негізделген. Қара түсті конетйнердің ресурсы жеке есептелген. Epson контейнер ресурсының деректері ISO/IEC FDIS29103 стандартының тестілік басып шығару үлгілерін пайдалана отырып, ISO/IEC FDIS29102 стандартына негізделген Epson компаниясының әдістемесі бойынша орындалған өлшемдерге сәйкес берілген. Деректер басып шығарылатын кескіндеріге, басып шығару параметрлеріне, қағаз түріне, пайдалану жиілігіне, ылғалдылыққа және басып шығару температурасына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
8 Epson M15180 моделі үшін кепілдік мерзімінің мәні көрсетілген. Басқа модельдер үшін кепілдік мерзімі басқа кезең болуы мүмкін. Басқа модельдерге арналған кепілдік мерзімін www.epson.kz сайтындағы құрылғылардың сипаттамаларынан біле аласыз