Картридждерсіз басып шығару
Үлкен көлемді, алдында орналасқан, сияға арналған кірістірілген ыдыстар фотосуреттерді ең төменгі шығындармен басып шығаруға мүмкіндік береді. Сияға арналған ыдыстар және көлемі 70 мл сия контейнерлері 10 х 15 см өлшемді 2 100 фотосуретке дейін сия контейнерлерінің бір жиынтығынан басып шығаруды қамтамасыз етеді¹. Төгілуден қорғайтын контейнерлердің арқасында оңай толтыру.
Одан сайын үнемдірек
Фотосуреттерді басып шығарудың төмен өзіндік құнының арқасында EcoTank сериялы құрылғылармен үнемдеңіз. Heat-Free суық басып шығару технологиясы бар Micro Piezo басып шығару механизмі қуат тұтынуды және сіздің шығыстарыңызды азайтады. Үлкен сия ыдыстары және бағасы бойынша қолжетімді түпнұсқа сия контейнерлері. L8050 шағын өлшемінің арқасында оны кез келген дерлік жерге орнату оңай.
Оңай және сенімді
Модель фотосуреттердің үлкен көлемін басып шығарудың төмен құнымен жақсы сапада басып шығаруға арналған. L8050 сымсыз құрылғылардан сенімді басып шығаруды, ПВХ-дан жасалған ID-карточкаларда, CD және DVD-дисктерде басып шығаруды қамтамасыз етеді. Пайдаланылған сияға арналған ауыстырылатын ыдысқа және тасымалдағышты беру ролигіне ыңғайлы қол жеткізу ауыстыру және тоқтап қалу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. L8050 стандартты кепілдігі бір жылды немесе 50 000 парақты құрайды².
Кез келген жерден басып шығарыңыз
L8050 мобильді құрылғылардан, планшеттерден және ноутбуктардан басып шығаруға мүмкіндік береді. Wi-Fi және Wi-Fi Direct қолдауының арқасында құжаттарды Epson Smart Panel қосымшасының көмегімен ақылды құрылғылардан басып шығаруға жөнелтуге болады³.