Басып шығару шығындарын азайтыңыз
Моноблокты лазерлік принтерлермен салыстырғанда EcoTank3 принтерімен үш жыл ішінде 50 %-ға дейін үнемдеуге болады. Ол картридждің орнына сиямен толтырылған үлкен қайта пайдалануға болатын сия сауытымен жабдықталған. Басынан бастап сізде мыңдаған беттерді басып шығаруға жеткілікті сия болады, бұл шығындарды азайтып, уақытты үнемдейді.
Арзан ауыстыру
Қайта толтыру сирек болуы мүмкін болғанымен, сия бөтелкелерін4 ауыстыра отырып, әр бет құнының 90 %-дан астамын үнемдеуге болады.
Сенімді
Алаңдамас үшін, әрбір EcoTank моноблокты принтері бір жылға 100 000 беттік кепілдікпен жеткізіледі.
Уақытты үнемдеңіз
Шығыс материалдарын ауыстыруға уақыт жұмсамаңыз — сия ыдысы жүйесімен оны жай ғана толтырып, ұмытып кетуге болады. Басып шығару жылдам, қыздыру уақытынсыз және минутына 15 бет2 басып шығару жылдамдығымен жүзеге асырылады.
Энергия үнемдеңіз
EcoTank моноблокты принтерімен энергия тұтынуды қысқартып, артық шығындарды азайтыңыз. Моноблокты лазерлік принтерлермен салыстырғанда ол 95 %-ға5 дейін қуатты үнемдей алады.